Үй құстары тұқымдарының энциклопедиясы > Үйректер > Фарер үйрегі

Фарер үйрегі Facebook Twitter LinkedIn

Тұқымын сипаттау

Фарер үйректері – бұлар ескі, көнбіс тұқым. Фарер аралдарында түскен ескі суреттерден көлдер мен жағалаулардағы үйректерді жиі көруге болады. ХХ ғ. дейін аралдағы әр отбасы тауық пен үйрек бағатын болған және үй құстары арал тұрғындарынан көп еді. Фарер аралдарында түлкілер мен басқа да жыртқыш аңдар жоқ болғандықтан, үйректер емін-еркін жүретін.Үйректі асырауға соншалықты көп азық қажет емес-тін, өйткені, фарер үйрегі өз қорегін өзі таба алатын және жемі нашар болғанның өзінде жақсы салмақ қосатын болған. ХХ ғ. басында фарер үйрегінің популяциясы кеми бастады. Салмағы, тазартып, мүшелеп болғаннан кейін бар-жоғы 1-1,3 кг тартатын болды. Сондықтан да, өз жемін өзі табатын тәуелсіз фарер үйрегін пекин үйрегі ығыстырып шығарды. Пекин үйрегі етті көп береді, алайда, ол үшін оны жақсылап жемдеу қажет. Фарер үйректерінің төстері ақ, қауырсындары ақ, сұрғылт және қара түсті болып келеді. Қазіргі кезде, фарер үйректерінің жойылу қаупі бар. Фарер аралдарында бұл үйректердің саны 2000 данадан кем.

Фарер үйрегі

қауырсындану түсі түрлі-түсті

Салмағы
ата үйрек 2 kg
ана үйрек 1,8 kg

Шыққан елі Фөрөяр Аралдары

Жұмыртқалағыштық 60 жұмыртқалары

Жұмыртқасының салмағы 50 g

Жұмыртқасының түсі ақ түсті

Пайдаланылуы еті

Шеңберінің көлемі
ата үйрек 15 mm
ана үйрек 15 mm

Фотокөрме

Хат тарату тізіміне тіркелу

Сіздің электрондық поштаңыздың мекен-жайы
Еліңіз
Тіліңіз

Antispam:

Copyright © Үй құстары тұқымдарының энциклопедиясы, 2011–2024. Барлық құқықтар қорғалған.
Сайт картасы – Барлық үй құстары тұқымдарының тізімі
Соңғы жаңарту: 08. тамыз 2024