Мы ищем переводчика для перевода с русского языка на казахский.

Үй құстары тұқымдарының энциклопедиясы > Үйректер > Эйлсбери үйрегі

Эйлсбери үйрегі

Тұқымын сипаттау

Үйректің Эйлсбери тұқымы – ең үлкен тұқым, төс бұлшықеттері жақсы дамыған. Эйлсбери тұқымының шығу тегі белгісіз, кемінде 1960 жылдан бері үйректің бұл түрін Эйлсбериде өсірген. 18 ғ. дейін Англиядағы кәдімгі үйрек жабайы үйректің үйге үйретілген түрі болатын.Үйректің Эйлсбери тұқымы ақ қауырсындарымен кең танылды, оларды жамылғыларды толтыру үшін пайдаланған. Эйлсбери үйрегінің қауырсыны біркелкі ақ, тұмсығы алқызыл, табаны ашық қызғылт-сары түсті болатын.
Эйлсбери үйректері жұмыртқаны қараша айынан бастап салады. Балапандары тез оңалып, жұмыртқадан жарып шыққан 8 аптада 2,3 кг тартады. Ол кезде олардың еттері балғын әрі жас, тағамға қолдануға дайын болады. Сондықтан да, бұл үйректің еті ойын маусымы аяқталысымен, ерте көктемгі тауықтар сатылымға шығардан бұрын, ақпан айынан бастап сатуға шығатын. Үйректің басқа етті тұқымы - руан үйрегі ақпан айынан бастап жұмыртқа салады. Бұл үйрек тағамға пайдалануға дейін 6 ай уақыт қажет. Осыған байланысты, Эйлсбери үйрегі негізінен, көктемде және жазда, ал руан үйрегі күзде және қыста сатылатын.
1873 жылы Британияда пекин тұқымды үйрек таныстырылды. Пекин үйрегі Эйлсбери үйрегіне ұқсайтын. Оның қауырсыны ақ, тұмсығы мен табаны қызыл-сары, мүсіні сымбаттырақ еді. Етінің дәмі Эйлсбери үйрегі сияқты ерекше тіл үйірерлік болмағанмен, көнбіс, жұмыртқаны көп салатын, тез салмақ қосатын және көлемі 8 айдан соң шамамен Эйлсбери үйрегі сияқты болатын. Қазір Эйлсбери тұқымды үйрегі жойылып кетудің алдында тұр.
фото Эйлсбери үйрегі

Эйлсбери үйрегі

Импорт мамыр0маусым 2017: Біз осы тұқымдағы жұмыртқаларды шығу елінен импорттаймыз. Қызығушылық танытып жатсаңыз, бізбен хабарласыңыз.

Эйлсбери үйрегі

қауырсындану түсі ақ түсті

Салмағы
ата үйрек 5 kg
ана үйрек 4,5 kg

Шыққан елі Ұлы Британия

Жұмыртқалағыштық 40-120 жұмыртқалары

Жұмыртқасының салмағы 65-80 g

Жұмыртқасының түсі ақ түсті

Пайдаланылуы еті

Шеңберінің көлемі
ата үйрек 20 mm
ана үйрек 20 mm

Сатуға ұсынылады

Эйлсбери үйрегінаурыз–мамырмаусым–қыркүйек
1 инкубатор жұмыртқасы12 €қол жетімсіз
бала үйрекқол жетімсізқол жетімсіз
ата үйрекқол жетімсізқол жетімсіз
ана үйрекқол жетімсізқол жетімсіз
тұқымдас жұп 1,1қол жетімсізқол жетімсіз
тұқымдас үштік 1,2қол жетімсізқол жетімсіз

Осында тапсырыс беру

Фотокөрме

фото Эйлсбери үйрегі, ата үйрек
Эйлсбери үйрегі, ата үйрек
фото Эйлсбери үйрегі, ата үйрек
Эйлсбери үйрегі, ата үйрек
фото Эйлсбери үйрегі, ана үйрек
Эйлсбери үйрегі, ана үйрек
фото Эйлсбери үйрегі, тұқымдас жұп 1,1
Эйлсбери үйрегі, тұқымдас жұп 1,1
фото Эйлсбери үйрегі, тұқымдас жұп 1,1
Эйлсбери үйрегі, тұқымдас жұп 1,1

Copyright © Үй құстары тұқымдарының энциклопедиясы, 2011–2017. Барлық құқықтар қорғалған.
Сайт картасы – Барлық үй құстары тұқымдарының тізімі
Соңғы жаңарту: 27. мамыр 2017